| A theme of the age, at least in the developed world, is that people crave silence and can find none. The roar of traffic, the ceaseless beep of phones, digital announcements in buses and trains, TV sets blaring even in empty offices, are an endless battery and distraction. The human race is exhausting itself with noise and longs for its opposite—whether in the wilds, on the wide ocean or in some retreat dedicated to stillness and concentration. Alain Corbin, a history professor, writes from his refuge in the Sorbonne, and Erling Kagge, a Norwegian explorer, from his memories of the wastes of Antarctica, where both have tried to escape.
And yet, as Mr Corbin points out in "A History of Silence", there is probably no more noise than there used to be. Before pneumatic tyres, city streets were full of the deafening clang of metal-rimmed wheels and horseshoes on stone. Before voluntary isolation on mobile phones, buses and trains rang with conversation. Newspaper-sellers did not leave their wares in a mute pile, but advertised them at top volume, as did vendors of cherries, violets and fresh mackerel. The theatre and the opera were a chaos of huzzahs and barracking. Even in the countryside, peasants sang as they drudged. They don’t sing now.
What has changed is not so much the level of noise, which previous centuries also complained about, but the level of distraction, which occupies the space that silence might invade. There looms another paradox, because when it does invade—in the depths of a pine forest, in the naked desert, in a suddenly vacated room—it often proves unnerving rather than welcome. Dread creeps in; the ear instinctively fastens on anything, whether fire-hiss or bird call or susurrus of leaves, that will save it from this unknown emptiness. People want silence, but not that much. | Бүгінгі заманауи технологияның дамыған дәуірінде адамдардың тыныштықты аңсайтыны жасырын емес. Ағыл-тегіл сабылысқан көліктердің гүрілі, телефондардың тынымсыз ызыңы, қоғамдық көліктердегі цифрлық хабарландырулар, кеңсе қаңырап бос тұрса да, үзіліссіз "сөйлеп" тұратын теледидарлар жүйкені тоздырып, көңілді алаңдатады. Осылайша адам баласы шулы қаланың шырмауына байланып, шырқы бұзылмаған табиғаттан, шеті мен шегі жоқ мұхиттан немесе жай ғана ойды бір сағаға шоғырландыруға таптырмайтын тыныштық құрсағындағы жерлерден алыстап бара жатыр. Сорбоннадағы тарих ғылымдарының профессоры Ален Корбин мен норвегиялық зерттеуші Эрлинг Кагге Антарктидадағы өз естеліктерімен бөліседі. Олар екеуі де сол жаққа барып келген болатын. Дегенмен Корбин мырза өзінің "Тыныштық тарихы" кітабында қазіргі шуыл деңгейі бұрынғыға қарағанда бәсең екенін айтады. Пневматикалық шиналар ойлап табылғанға дейін, қала көшелерінде салдырлаған темір жиекті дөңгелектер мен тұяғы тасқа тиген аттардың дауысы құлақ тұндыратын. Ұялы телефондар пайда болғанға дейін, автобустар мен пойыздар байланыс құралы ретінде пайдаланылған. Газет сатушылар өз тауарларын үнсіз өткізген жоқ, дауыстары қарлыққанша айқайлап жарнамалайтын. Оларға шие, гүл және балық сатушыларыдың дауысын қосыңыз. Театр мен опера айқай-шу мен қиқудың ордасы еді. Тіпті қала сыртындағы шаруалар бақырып ән айтатын. Ал қазіргі жағдай мүлде бөлек. Осы тұрғыдан алғанда, өткен ғасырлардағы шуыл деңгейі айтарлықтай өзгере қойған жоқ. Бірақ көңілді алаңдататын нәрселер тыныштықтың орнын басқан секілді. Мұнда тағы бір парадокстың шеті қылтыяды. Себебі қарағайлы орманның қақ ортасындағы, көкжиегіне көз жетпейтін шөлдегі, босап қалған бөлмедегі тыныштық көңілімізге рақат сыйлағаннан гөрі жүйкемізді тоздыратыны бар. Санаңды қорқыныш билейді. Оттың лаулағаны, құстың шырылы немесе жапырақтардың сыбдыры сияқты болмашы дауыстарға құлағыңыз елең қағып отырады. Олардың барлығы бізді толықтай тыныштықтан құтқаратын нәрселер. Адамдар тыныштықты қалағанымен, оның да шектен шығып кетпегенін жөн көреді. |